"Долин селолық округі әкімінің аппараты" Мемлекеттік мекемесі
0
Долин ауылдық округі әкімінің Төңкеріс, Қоныссай, Шөптікөл ауылдары тұрғындарының алдында есеп беруі.

Долин ауылдық округінің әкімі Талғат Манатауовтың ауылдық округтің әлеуметтік экономикалық дамуы және 2019 жылда атқарылған жұмыстар туралы есеп беру кездесулері  2020 жылдың 15 қаңтарында Төңкеріс, Қоныссай, Шөптікөл елді - мекендерінен басталды.

Есеп беру кездесуіне Теректі ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Л.Г.Сердалиева, Теректі ауданының сәулет, қалақұрылысы және құрылыс бөлімінің бас маманы Т.Б.Абдешов, Теректі ауданының «Мал жәрдемі»  мемлекеттік мекемесінің басшысының м.а. А.Б.Жұмабаев, Теректі ауданының  халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Б.К.Митанов, Теректі ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы Ж.Б.Ахметов   және ауыл тұрғындары қатысты.

Округ әкімі өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасап алдағы уақытта округтің әл-ауқатын арттыру, тұрғылықты халықты толғандырып жүрген мәселелерді шешу бағытында атқарылатын жұмыстардың жоспарымен бөлісті. Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді. Шешуі күрделі өзекті мәселелер аудандық жұмыс жоспарына енгізу үшін жұмыстар жұргізілетінін және бақылауға қойылып жауаптары берілетінін жеткізді.

 

 

.