"Долин селолық округі әкімінің аппараты" Мемлекеттік мекемесі
0
Долин селолық округі әкімінің 2019 жылы атқарған жұмыстары туралы баяндамасының тезистері

Долин селолық округі әкімінің 2019 жылы атқарған жұмыстары туралы баяндамасының  тезистері

 

Бюджет және салықтар:

Жергілікті бюджет – 31810,0 мың теңге.  

Бюджет игерілу пайызы-99,6 пайыз.

Салықтар – 2036,6 теңге

 

Шағын және орта бизнес:

Округте 24 шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс жасайды. Оның ішінде: сауда-саттықпен – 7 адам айналысса, жолаушыларды тасымалдаумен – 2 адам айналысады, округ аумағында – 1 кафе жұмыс жасайды.

 

Агроөнеркәсіптік кешен

Округте 57 шаруашылық субъектілері бар. Оның ішінде 8- ЖШС-гі, 35-ШҚ-ғы, 14-ЖК,3-селолық кредиттік серіктестік жұмыс істейді.

Егістікпен айналысатын қожалықтар мен кәсіпкерлер 2019 жылға 3766 га. егістік пен 28 га. жерге бау-бақша салып өнімдерін жинап алып отыр.

2018 жылы «Тау» Ш/Қ басшысы Кенжегалиев Серик Рушанович 3 бұқа сатып алып отыр.Барлық ІҚМ мал басы-316 бас.

Сонымен қатар «ҚазАқбас» ЖШС асыл тұқымды мал басын көбейтіп, жылдан жылға мал басы санын көбейтіп отыр. Қазіргі уақытта 1467 бас ірі қара малы бар. «Батай» ШҚ Еркебаев Сагитьян Батаевич, 6 бас бұқа сатып алды, қазіргі күні 225 бас Ірі қара малы бар.

«Qazbek Dala» ШҚ Сахатов Бауыржан Қазбекович 13 миллион лизинг алып, МТЗ 82.1 тракторын тырнауыш, айыр, шөп шабатын сатып алды.

«Қырман» ШҚ 20 бас ірі қара малын 10 миллион теңгеге сатып алды.

«Амиран» ЖК 2019 жылы 5 бас ірі қара малын 1 миллион 400 мың теңгеге сатып алды.

 

Сумен қамту: Округте  сумен жабдықтаудың екі түрі бар - орталықтандырылған және орталықсыздандырылған.Ішкіорталықтн  сумен жабдықтау желісінің ұзындығы 17500 метрді құрайды.Соның ішінде Долин ауылынан 13800 метр «Теректі Таза Су» ЖШС сенімгерлік басқаруға  берілді. Төңкеріс ауылынан 3700 метр «Теректі Таза Су» ЖШС сенімгерлік басқаруға  берілді. 100 аула ауыл тұрғындары орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Ал қалған ауыл тұрғындары ауыз суды үйлеріне кіргізіп отыр. Сонымен қатар екі тұрғынға демеушілер көмегімен үйлеріне тегін ауыз су кіргізілді. Қоныссай ауылы тұрғындары ауыз суды ауыл сыртындағы құдықтан 2(екі) шақырым жерден тасымалдайды.Ауыл сыртындағы құдыққа ағымдағы жылы рәсімдеу жұмыстары және абаттандыру жұмыстары өткізілді. Шөптікөл ауылы тұрғындары Сарсенова ауылынан 6 шақырым жерден тасымалдап ішеді. Тұрмыстық қажеттілікке және мал суаруға ауыл ішіндегі құдықты пайдаланады. Осы құдыққа 2018 жылдың қысқы айларында  «Махорин» ШҚ-ның көмектесуімен округ әкімі аппараты қызметкерлері біріге отырып пластикалық тұрба салып жөндеу жұмыстарын өткіздік. 

Газдандыру:

Селолық округ газдандырылмаған. 2019-2021 жж селолық округті газдандыру жоспарлануда. Қазіргі уақтытта  селолық округті газдандыру үшін  27000000 (жиырма жеті миллион) теңгеге ЖСҚ жасалды. Соның ішінде:  Долин, Төңкеріс, Шөптікөл, Қоныссай ауылдары. 2018  жылы Шөптікөл ауылына газ құбыры тартылды. Қалған Долин, Төңкеріс, Қоныссай ауылдары алдағы жылдары түгелдей газдандырылатын болады.  

 

Автомобиль жолдары:

Округ аумағындағы ауылішілік жолдардың ұзындығы -27 шақырым, жергілікті маңызы бар жолдардың барлық ұзындығы-160 шақырымды құрайды.

 

 

 

Осы жылы  «Ауылішілік автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша мердігер «Надежда» ШҚ-ғы 1547 мың теңгеге ауылішілік жолдарды тегістеу, қардан тазалау жұмыстарын өткізді. 605,1 мың теңгеге «Достық-Теректа»  ЖШС-гі Долин ауылының Жеңіс көшесіндегі көпірге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізді. Бұл жұмыстарды біз әлі де жалғастырудамыз.

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы

Санитарлық тазалықты сақтау бойынша көктемде және күз айларында сенбіліктер өткізіліп тұрады. 2019 жылдың сәуір айынан бастап сенбіліктер өткізілді. Мекеме қызметкерлерімен қатар ауыл тұрғындары да сенбілікке қатысып, ауыл ішіндегі тұрмыстық қалдықтар, қоқыстар жиналып, жолдардың жагдарына төгілген қоқыстар округ аумағынан шығарылды.  Ауыл жастарымен  «Жақсыауыл», «Солянка», «Орал» өзендерінің жағалаулары қоқыстан тазартылды.  Ағымдағы жылы округ аумағынан 3375,3 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды. 2019 жылы «ТүркістанЖолСервис» ЖШС Шөптікөл ауылынан 1500 тонна қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарды, сондай-ақ  «ТүркістанЖолСервис» ЖШС Шөптікөл ауылындағы полигонды абаттандыру бойынша жұмыстарын аяқтады.

2019 жылдың мамыр айында «Темиргазиева» ЖК арқылы Долин ауылындағы полигон абаттандырылып, келесідей жұмыстар жасалды. Сырт жағынан корыта орнатылды, жер білігі құрылғысы орнатылды, жер учаскесін жару жұмыстары жалпы көлемі 3,1108 га  жасалды, полигонға кіретін темір қақпа орнатылды. Ені 2 метр, ұзындығы 1 метр болатын темір  маңдайша орнатылды. Жалпы соммасы: 850 мың теңге.

«Надежда» ШҚ арқылы 2019 жылдың қыркүйек айында Долин ауылынан 812 тонна табиғи қоқыс шығарылды. Сонымен қатар «Надежда» ШҚ жергілікті тұрғындардың 350 тонна қоқыстарын шығарды.  2019 жылдың қыркүйек айында «Надежда» ШҚ Төңкеріс ауылының полигонына жайластыру жұмыстарын жүргізіп, 348 тонна табиға қоқыс шығарды. Сондай-ақ «Надежда» ШҚ Төңкеріс ауылындағы бөгетке ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізді.

«Достық-Теректі» ШҚ арқылы Долин ауылының Жеңіс көшесіндегі  көпірге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар «Надежда» ШҚ Долин ауылының ішкі жолдарын көктемгі тасқыннан кейін арнайы техникалармен  тегістеу жұмыстарын өткізді.

Көктем кезінде барлық мекемелер, мектептер, «Назерке» бала бақшасының қызметкерлері және ауыл тұрғындары  көшеттерді отырғызумен қатар, сенбіліктерге қатысты.

Сенбілікке 308 адам қатысты, сенбілік кезінде 11,3 тонна қоқыс шығарылды, 145 дана көшеттер отырғызылды, 10 техника сенбілікке жұмылдырылды. Санитарлық тазалық бойынша жұмыстар жыл сайын атқарылып келеді.  Күз айында ауыл ішіндегі балкалар мен жолдардың жандарына өскен ағаштар мен шөптер шабылып, шіріген талдардан тазартылды. Санитарлық тазалықты сақтау бойынша ауылдағы дүкендердің басшыларымен кездесу ұйымдастырылып, дүкендерінің айналасын таза ұстау, әктеу, сырлау, жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы түсінік жұмыстары жүргізіліп тұрады. Сонымен қатар ауыл тұрғындарына қоқыстарды арнайы белгіленген жерге апарып төгу туралы түсінік жұмыстары жүргізіліп отыр.  Қоқысты арнайы орынға төгу бойынша бақылауға алынды. Әрі қарай Долин ауылдық округінің аумағын абаттандыру бойынша жұмыстар жалғасын табатын болады.

Жұмыспен қамту

2018 жылдың 1 қаңтар айынан бастап жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек  жұмыс істей бастады. 2019 жылы 41 азқамтылған отбасылар тіркеліп, 154 адам атаулы әлеуметтік көмек алып жатыр. АӘК бойынша шартсыз қаржылай көмекті 6 жанұяның 8 баласына төледі, шартсыз ақшалай көмекті 35 жанұяның 73 баласына төленді. 2021 жылға атаулы әлеуметтік көмекті алушы жанұя санын қысқартып, тұрақты жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр. Округте жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүгедектерді қарайтын 11 әлеуметтік қызметкерлер бар, олар 38 адамға қызмет көрсетеді. Тұрақты жұмысқа орналасқандар саны-47, кәсіптік оқуға жіберілгендер саны-4 адам., қоғамдық жұмысқа жіберілгендер-24 адам.  

 

Білім беру:

Округ аумағында төрт  білім беру мекемесі жұмыс жасауда. Оның ішінде Долин  ауылындағы Чапаев ЖОББ мектебі, Төңкеріс ауылында Долин орта білім беретін мектебі, Шөптікөл ауылындағы Шөптікөл негізгі орта мектеп, Қоныссай ауылында Қоныссай  бастауыш мектебі бар.

Долин ауылындағы Чапай ЖОББМ-нің ғимараты  1967 жылы салынған.  Оқушылар саны – 124 оқушы. 2017 жылы жылыту қазандықтарына жөндеу жұмыстары және 49 терезелері пластикалық терезеге ауыстырылды.

Төңкеріс ауылында  Долин мектебінің ғимараты 1962 жылы салынған. Оқушылар саны – 43. Жылыту қазандықтары 2018 жылдары  мемлекеттік сатып алу арқылы өткізілді.  Қазіргі уақытта жылыту қазандықтары біркелкі жұмыс істеп тұр. 

Шөптікөл ауылының Шөптікөл мектебінің ғимараты 1985 жылы салынған. Оқушылар саны – 48 .

Қоныссай ауылының Қоныссай бастауыш мектебінің ғимараты 1993 жылы салынған. Оқушылар саны – 5 оқушы.

Долин  селолық округінің Қоныссай, Төңкеріс ауылдарынан Долин, Федоров ауылдарына дүйсенбі және жұма күндері мектеп оқушыларын білім беру мекемесіне дейін тегін тасымалдау ұйымдастырылған. Төңкеріс ауылынан 8 оқушы, Қоныссай ауылынан  – 2 оқушы, Шөптікөл ауылынан – 2 оқушы Федоров ауылына жеткізіледі. Қоныссай ауылынан Долин ауылына 2 бала тасымалданып оқытылады.

Мектеп жанындағы бала бақша. Долин ауылында «Назерке» бала бақшасы жұмыс жасайды. Тәрбиеленушілер саны – 28 бала,  40 балаға .

 

Денсаулық сақтау:  

Округте 3 денсаулық сақтау мекемесі, яғни 2 фельдшерлік пункт  және 1 медициналық пункт бар. Олар:

Долин ауылындағы медициналық пункт.Ғимарат Долин селолық округ әкімдігінде орналасқан,1950 жылы салынған.  Газдандырылмаған.

Төңкеріс ауылындағы фельдшерлік пункт ғимараты 1968 жылы салынған. Штат саны - 3 бірлік. Медициналық алғашқы жәрдем көлігі – 1. Шөптікөл ауылындағы фельдшерлік пункт ғимараты 1987 жылы салынған.  Қазіргі уақытта медициналық пункт медбикесі қызмет етуде. Округ бойынша 163 адам скринингтен  өтті. 6 адам қан қысымы ауруымен ауыратындығы анықталды, моммография бойынша 46 адам тексеруден өтіп, омырау обыры анықталмады. Онкоаурулар 15 адам. Дүниеге келгендер саны -12 бала, жүкті әйелдер саны-7 адам.Қайтыс болғандар-15 адам.

Былтырғы жылмен салыстырғанда ауру адамдар саны азайып отыр.

Төңкеріс ауылындағы фельдшерлік пункт ғимаратына күрделі жөндеу, қалған денсаулық сақтау мекемелерінің ғимараттарына ағымдағы жөңдеу жұмыстары жүргізілді.

 

Мәдениет және спорт:

Долин селолық округінде біздің өміріміздегі маңызды оқиғаларға арналған мәдени  іс-шаралар, мәдениет бөлімі қызметкерлерімен округ әкімі аппараты қызметкерлері бірігіп өткізеді.Округ аумағында 2 этно мәдени орталығы, атап айтсақ украйналық «Еднання» және татар ұлтының «Алтынгюль» мәдени орталықтары тек қана округ көлемінде емес, аудан, облыс көлемінде өтетін мәдени шараларға үнемі қатысып отырады.

Долин ауылындағы Мәдениет үйі ғимараты 1958 жылы салынған. Көрермен залы 220 орындық. 2012 жылы жергілікті бюджет есебінен 11,0 млн теңге бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2015 жылы электрмен жылыту қазандығы қойылды.

Төңкеріс ауылындағы Мәдениет үйі ғимараты 1975 жылы салынған. Көрермен залы 100 орындық.  2015 жылы электрмен жылыту қазандығы қойылды.

Округ бойынша 2 мәдениет қызметкері, 3 кітапханашы қызмет атқарады.

Долин ауылындағы селолық кітапхана, ауылдық мәдениет үйінің ғимаратында орналасқан.   Кітап қоры – 12959 дана, 6500 данасы мемлекеттік тілде. Оқырман саны –  680 адам.

Төңкеріс ауылындағы селолық кітапхана 1975 жылы салынған, ауылдық мәдениет үйінің ғимаратында орналасқан.  Кітап қоры – 18500 дана, 2770 данасы мемлекеттік тілде. Оқырман саны –  410 адам.

Шөптікөл ауылындағы селолық кітапхана 1985 жылы салынған  Шөптікөл негізгі білім беретін мектебінің ғимаратында орналасқан. Кітап қоры – 10462дана, 2397 данасы мемлекеттік тілде. Оқырман саны – 196 адам. 

 

Қоғамдық тәртіп:

Қазір селолық округте учаскелік полиция инспекторы полиция майоры  Абдолов Жумагали Сабырович жұмыс жасайды.

2019 жылы селолық округ аумағында 20 заң бұзушылық тіркеліп, оның ішінде 13 ашылды және 7 ашылмай отыр.  Қазірде бұл жұмыстар бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.Әкімшілік заң бұзушылық бойынша 100 хаттама толтырылып, айыппұл соммасы – 340875 тенге, оның ішінде айыппұл салынғаны – 253762,5 тенге, 75 % құрап отыр.  

Қоғамдық-саяси ахуал:

Округ аумағында қоғамдық саяси ахуал тұрақты. Округ аумағында діни ахуалдың тұрақтылығын сақтау және жергілікті жастардың өз діндеріне берік болуы,  діни   секталардан аулақ қылу мақсатында Долин аулының кітапханасында кездесулер мен дөңгелек үстелдер өткізіліп отырады.

Округте «Еднання» украин мәдени орталығы және  «Алтын гюль» татар мәдени орталықтары жұмыс жасайды.  Сонымен қатар аудандық  ресурстық орталығы арқылы округте 1 маман қызмет етеді.

 

2020 жылға жоспар:

 

  • Округ аумағындағы елді мекендерге көгілдір отын тарту үшін мемлекет тарапынан қаражат бөлінуі;
  • Жол салу, күрделі жөндеу ауқымды қаражатты қажет етеді.Сондықтан республикалық деңгейде қаражат көздерінің бөлінуін сұрастыру;
  • Қоныссай ауылының мемлекеттік халықты таза ауыз сумен қамту бағдарламасына қосу;
  • Округ әкімшілігі және фельдшерлік пункті ғимараттарын салуға болмаса күрделі жөндеуге қаражат көздерін сұрау;
  • Осы сұрақтармен қатар Долин селолық округі әкімі аппаратында регламентке байланысты атқарылатын іс-шараларды мүлтіксіз және уақытында орындау;

 

 

Долин ауылдық округінің әкімі:

Т.Б.Манатауов

 

 

 

 

 

 

 

Б.Рахматуллина

Тел : 34- 1 - 01